ҚОНАҚЖАЙ

lat: QONAQJAI

з а т. 1. Түпкі үй, төр үй, қонақтар отыратын бөлме.

Хұжра шәкірт жатқан жүз елу бар, Үшбулары және басқа қонақжайдан. Айтуға зейінімнің хатта жетпес, Көргендер бейнесіне қалар қайран (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

2. с ө й л. Қонақүй, мейманхана.

Бізді үлкен мөлдір көл жағасына салынған аппақ тас сарайға, салтанатты қонақжайға әкеп түсірді (М.Әуезов, Индия очерк.).