ҚОНАҚЖАЙ

lat: QONAQJAI

с ы н. э т н. Қазақ халқының бар дәмдісі мен жақсысын қонағына сақтайтын, үйіне келген жолаушыны қабақ шытпай қарсы алатын, қонағын астыстіне түсіп күтетін, үйінен келім-кетім кісі үзілмейтін, ырыс, береке, құт қонақтың аяғынан деп тұратын қонақуар, ақжарқын қасиеті.

Қысы салқын қоштасу азабындай, Жазы дархан кездесу базарындай. Күзі мырза қонақжай қазағымдай, Ал көктемі... махаббат назарындай (К.Салықов, Жезкиік).

Қонақжай сыйыменен, Бір шерткен көңіл күйін. Әпкемнің үйіменен Көрші еді-ау сенің үйің (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Шарлап жүрген аспанның кемесіне, Шарам да жоқ мен солай демесіме. Жерден ұшқан ақиық қырандарым, Аман-есен жетсе екен енесіне, Қонса екен қонақжай жер төбесіне (М.Мақатаев, Шығ.).