ҚОНАҚЖАЙЛЫ

lat: QONAQJAILY

с ы н. Ашық-жарқын, қонақуар.

Қарсы алғанда «төрге шық деп, жан балам», Қонақжайлы қарттарына таңданам. Бар сыйлықтан бағасы артық осынау Жарқын жүздер арайлаған таң маған (Н.Оразалиев, Көңіл.).

Айта көрмеңіз… Ол жолы шынында да, көңілімді аса бір жылылығымен баураған қонақжайлы сапарым болды (С.Ғаббасов, Серпер).