ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ

lat: QONAQJAILYQ

з а т. с ө й л. 1. Қонақжайлылық.

Бірақ ханның қонақжайлығы адам көрген емес. Қазқа тар қазылған жерошақтарға қазатар асыл ған тайқазанның қайсысының қақпағын ашып қалсаң да былқып жатқан семіз жабағы, қалқып жүрген сары ала май. Тұмсығыңды пейіштің бағына бір сұғып алғандай рахаттанып қаласың (Ә.Кекілбаев, Үркер).

Аздаған сәлем-сауқат бар ғой. Ауылға жүріп қонақ болыңыздар бүгін, деп жас шопан қонақжайлықпен күлімсірейді (Саржайлау).

2 . э т н. Қазақ халқына тән қонақжай қасиет.

Қазақтың халықтық мінезінің ерекшелігін көрсеткенде қонақжайлығынан кейін әзілқойлығы, тілмәрлігі айтылса керек.Нұрғалиев, Талант.).