ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ

lat: QONAQJAILYLYQ

з а т. 1. Қонақ уарлық, меймандостық.

Сонша асыққандарың не? Отырыңдар, деп, Жұлдызай қонақжайлылық білдірді («Қазақст. әйелдері.»).

Өз елінің қонақжайлылығын, сауықшылдығын дәріптеп жатқандар да бар (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат).

Көрсеткен қонақжайлылығы үшін шалға алғысымызды айтып, біз әрі қарай жүріп кеттік (Ш.Өтепов, Жалында.).

2. э т н. Қазақ халқының қонақжай қасиеті.

Қонақжайлылық қазақ халқының ұлттық дәстүрінің салтанаға айналған түрі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).