ҚОНАҚШЫЛ

lat: QONAQSHYL

с ы н. 1. Қонақуар, қонақжай.

Қазақтың қонақшыл әдетімен, үй иесі жылы шыраймен қарсы алды. Әңгімені осы ауылдың қоныстану жайынан бастадық (Ә.Нұрпейісов, Бесқара).

Қонақшыл, көпшіл көңілді ауылды жылы ұяны қимағандай да болатын (М.Әуезов, Қараш.).

Сонымен келіп жеттік барар жерге, Қонақшыл күтіп алды сүйген ел де, Қойылды қонақасы алуан түрлі, Ұқсайды сірге жияр аққан селге (Қ.Қуанышбаев, Шаншарлар).

2. с ө й л. Қонаққа барғыш. Солар-ақ қонақшыл екен, ылғи үйлерінде болмайды (Ауызекі).