ҚОНЫСТАНУ

lat: QONYSTANÝ

Қоныстан етістігінің қимыл атауы.

Орыс шаруалары қалaған жерлеріне қазық қағып қоныстануда (М.Шоқай, Таңд. шығ.).

Уәлиханның Сырымбет тауына қоныс салуы, тоқалы Айғанымның тілегін орындаудан шыққанын, біз осы шығарманың бірінші кітабынан білеміз. Оған қоныстану Уәліге оңайлыққа түспеген (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Құнанбай Бердіғожаға кезінде қолдан келген жәрдемін, жақсылығын аямаған, қоныстануына жер шұрайы Архатты береді (А.Әуезов, Бала Мұхтар).

Еділдің бойындағы кең тоғайларды, теңіздің жағасындағы қалың нуларды қазақ әуелгі уақытта емін-еркін қоныстанушы еді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).