ҚОНЫСТАНУШЫ

lat: QONYSTANÝSHY

з а т. Мекендеуші, тұрақтанушы, орнығушы.

Осы көше түгел жаңа қоныстанушылар, әр ұлттың адамдары бар, тату-тәтті көршілерміз (З.Иманбаев, Айналайын.).

Бұл, әрине, жер иесі, қазақ елінің қалауымен де, қоныстанушы қарашекпеннің тілеуімен де жүргізілген іс еместі (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

Арыққа су жүрді, аптап арыны басылды. Әуелі осындағы жастардың үйгіштері, содан кейін басқа жұрт келе бастады. Жаңа қоныстанушылардың дені Арыс, Шаян, Қаратас аудандарының қазақтары (Ә.Жәмішев, Армысың.).