ҚОҢЫР

lat: QOŃYR

с ы н. 1. Қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс.

Жерошақ басы: қожалақ бала, қоңырсық құйқа, қандықыл қатын, ішек-қарын, тезек, сылп-сылп ит, тікесінен шаншылған майда қоңыр түтін.Аймауытов, Шығ.).

Қара балада мал дегенде торы ат, сынық мүйіз қоңыр сиыр, қара баспақ бар .Майлин, Қара бала).

Қоңыр шұнақ тоқтыңмын Мен түсемін қиялға Нешік айла болады Көзімнің жасын тиярғаатырлар жыры).

Сендерге батпайды оның қайғы, назы, Боп жүрсің айдын көлдің қоңыр қазы Таусылып аздан кейін азықтары, Шығар деп зарлап жүрмін қашан жазы (Шәкәрім, Өлеңд.).

2. а у ы с. Онша мәз емес, жұтаң (тұрмыс-тіршілік).

Ол уақыттары қоңыр ғана тіршілігі бар біздердей кісілер шайды құрт, ірімшік, сарысумен ішеді.Қанахин, Жер бас.).

Отан соғысының соңғы жылдарындағы бір күн болатын. Ел тұрмысының қоңыр жайдақ тақыр кезі («Қаз. әдеб.»).

3. а у ы с. Жанға жайлы, жағымды .

Қоңыр қаздай болсадағы, Қоңыр сол шақ өмірлері. Болса ірімшік, болса ағы, Қараша үйлер көңілді еді.Мәуленов, Алыс кет.).

Халықтың қоңыр тілінің ішінен тамаша сөз тұлғаларын жасауға болатындығын Абай айқын көрсетті (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.).

Жылтыр қара шашын шашыратпай, ерекше ұқыптап, сұлата тараған, әскери жинақы, осы бір ажарлы, қоңыр мінезді адамның арғы сырына үңіледі.Әзиев, Шұғыл.).

4. а у ы с. Ықылассыз, көңілсіз, салқын (пейіл, мінез).

Алғашқы келгендегідей емес, Кәдірбек Әтікені қоңыр қарсы алды.Нұржекеев, Күтумен өт.).

Қаруарақты, әскери киімді екі адамды көргенде Таусоғар сыр бермегенсіп, қоңыр амандасты.Бегалин, Замана.).