ПУЛ

lat: PÝL

Қайта сақтандыру тәжірибесінде әсіресе кейбір елдерде пул кең қолданысқа ие. Қайта сақтандырудың бұл әдісі бойынша пул қатысушылары (мүшелері), яғни рыноктың барлық немесе басым сақтандыру компаниялары өз ара ерікті келісім бойынша немесе заң талаптарына сай барлық сақтандыру портфельдері бойынша немесе апаттық сипаттағы белгілі бір ерекше қауіпті тәуекелдер бойынша жеке ұстап қалу сомасынан асып түсетін қайта сақтандыруға жататын барлық тәуекеллерді пулға (ортақ қазынаға) тапсырады. Әдетте қайта сақтандыруға қабылданған қауіп-қауіптерлер базасында ретроцессиялық-қайта сақтандыру шарты қалыптасады. Пул істерін пул мүшелері сайлаған дирекция немесе арнайы үкімет бекіткен орган басқарады. Пул ісін жүргізу бойынша шығындар ретроцессиялық шарттар бойынша оның өз пайдасына ұстап қалған комиссиясымен жабылады, сонымен қатар жеке ұстап қалу бойынша операциялардан түсуі мүмкін пайдамен жабылады.