ҚОҢЫРАЙ

lat: QOŃYRAI

е т. 1 . Қоңыр түске ену, қоңыр тарту.

Күнбатыстан күрең жалын алаулап, шығыстан солғындау қоңыр-көк мұнар жылжыған. Бірден-бірге қоюлана түсіп, қоңырайып барады.Сәрсенбаев, Теңіз әуен.).

2. Күнге күйіп, тотығу.

Түсте Бәтима су алуға өзенге барғанда жағада күтіп отырдым. Күнге күйіп, қоңырайып кетіпті (Т.Әбдіков, Күзгі.).

3. а у ы с. Жабырқау, жүдеу.

Бәрін де осындай қуанышты, бақытты болса екен дейді. Ешкімді ренжітетін, ешкімге жамандық ойлайтын түрі жоқ. “Неге пысады?” деп қойшының қоңырайғанын да жарастықты көрді.Аймауытов, Шығ).

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, құрбыларым! (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Жан ашыған сөзіңді дұшман көріп, Қоңырайып достарың салқын тартса; Суық жылан араңнан кесіп өтіп, Сөнбейтұғын өсектің отын жақса.Дулатов, Шығ.).

Есеней марал жайындағы әңгіменің басталып кетуіне қуанса да, аяқталуына наразы болып қоңырайып қалды.Мүсірепов, Ұлпан).