ҚОРҚЫНЫШСЫЗ

lat: QORQYNYSHSYZ

с ы н. 1. Қамсыз, үрейсіз.

Балалар үрейсіз, қорқынышсыз, қиналмай оқысын (Т.Ахтанов, Шығ.).

Нәресте уілдеген бесіктегі, Үрейсіз қорқынышсыз өсіп тегі. Ержетсін дейміз жастан, бейбітшілік, болсын деп дәйім оның есіткені (С.Сейітов, Жаңғырық).

2. Қауіп-қатері жоқ; бейқам.

Білемін артық емес Қодар күші, Ол сол елді қорқытып алған кісі. Қанша күшті болсаң да сен жалғызсың, қорқынышсыз болады елдіңіші (Қозы Көрпеш.).

// Қорықпай, қаймықпай.

Оның ойын «Тоқта!» деген күзетшінің даусы бөліп жіберді, қараңдаған біреу еш қорқынышсыз таяп келеді (К.Сегізбаев, Ашыл. сыр.).