СИФ

lat: SIF

Халықаралық теңіз саудасы тәжірибесінде пайда болған және сату мәмілелерінің стандартты шарттарында кеңінен қолданылады. «СИФ» Cost (құны), Insurance (сақтандыру), Freight(фрахт) деген үш ағылшын сөзінің алғашқы әріптерінен құралған термин. «СИФ» мәмілесінің шарттары құралған бөлшектерді (тауар бағасы, сақтандыру, фрахт) ескере отырып, тауар сатушысы бұл шарттарға сай жүкті жіберу бекетіне жеткізуге, оны кеме бортына тиеуге, тоннасымен жалдауға және фрахт ақысын төлеуге және тасымалдаушының оны сатып алушыға жеткізуіне дейін тасымалданатын барлық уақыт көлеміне жүктерді теңіздік қауіп қатерлерден сақтандыруға міндетті. Шарттарды орындау үшін сатып алушыға тауарды физикалық түрде тапсыру қажеттілігі жоқ екендігі, тек оған мәміле шарттарында қарастырылған тауар таратушы құжатын беру «СИФ» мәмілесіне тән ерекшелік болып табылады. Сатып алушыда осы құжаттар болса, тауар қолына тигенге дейін тауарды сата отырып, ақша айналымын жылдамдата алады. «СИФ» шарттары негізіндегі мәміле бойынша сақтандыруға қойылатын талаптар Варшава-Оксфорд ережелерінің XII тарауында берілген және Халықаралық сауда палатасының ("Инкотермс, 1953") Халықаралық келісімшарттың бірыңғай талаптарының Сводында берілген. Свод ұсыныстарына сай «СИФ» мәмілесі бойынша теңіздік сақтандыру шарты «ФПА» шарты негізінде жасалу керек, ал шын мәнісінде әдетте тауар сатушысы оны тауардың тиісті саласы үшін қалыпты болып табылатын шарттармен сақтандырады. Сақтандыру көлеміне енбейтін кез келген қосымша тәуекелдерден сақтандыру қажеттілігі кезінде немесе одан шығарылып тасталса сатып алушы өз есебінен сатушыға тиісті тапсырыс бере алады.