ҚОРЫҚ

lat: QORYQ

з а т. Малдың жайылуына уақытша тыйым салынған шалғынды шүйгін шөпті жер; шабыс.

Олар қорыған қара бауыр бұйраттардың не жоталардың жазық бауырында қалың бидайық, көкорай шалғынды кең алқаптар болады, ондай жерлерді «қ о р ы қ» дейді (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).

Абылай хан Самарқант шаһарының бетіндегі Жұпар қорығына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңіне қасындағы түс жоритын қариясына жорытады (М.Дулатов, Шығ.).

Әртүрлі асты даярлаппісір, дейді. Қонып қалса алысқа көшір, дейді. Мал түгіл, адам жерлік от, суы бар, Қорық жайға ап келіп түсір! дейді (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).