ҚОРЫҚ

lat: QORYQ

[ир. قرق ] з а т. э к о л. Сирек кездесетін аңдар мен жануарларды, әр алуан құнды өсімдіктерді қорғап өсіретін аймақ.

Қорықтың ең басты міндеті қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу (ҚҰЭ).

Ойсырап қалған жануарлар дүниесін сақтап қалу және бұрынғы қалпына келтіру мақсатымен, Африкадағы тәуелсіз жас елдердің үкіметтері қорықтар ұйымдастырып, аң аулауға тыйым салған (Ә.Шәріпов, Алыс.).

Алматы қорығында марал, бұғы, таутеке, қарақұйрық, елік, ондатр, күзен өсіріледіалам ғажап.).

Алматы қорығы Iле Алатауының Орталық бөліміндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған қорық (Жетісу энцикл.).