ҚОСТІЛДІЛІК

lat: QOSTİLDİLİK

з а т. л и н г в. <лат. bilinguis> Белгілі бір мемлекет, республика көлемінде екі тілдің тең дәрежеде болуы; индивидтің немесе қоғамның екі тілді қатар қолдануы.

Қостілділік көп этникалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қасиеттіліктерінен туындайды (Саяси түс. сөздік.).

Қостілділік жеке адамның екі тілде бірдей ұдайы қарым-қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі (Қаз. тілі энцикл.).