ҚОСУ

lat: QOSÝ

з а т. м а т. <ағыл. addition> Сандарды бір-біріне қосатын арифметикалық амал.

Паскаль 18 жасында қосу амалын орындайтын есептегіш машина құрастырған (Шопан).

Қосынды векторды көбінесе тұйықтаушы вектор дейді; векторларды қосу бұрынғы арифметикасы, алгебрасы қосудан басқаша болғандықтан, геометриялық қосу болып аталады (Ә.Ермеков, Ұлы математика.).

Натурал сандарға қосу және көбейту амалдарын бір рет не бірнеше рет қолданғанда да нәтижеде натурал сан шығып отырады. Қосу амалына кері амал бар, оны азайту амалы деп атайды (О.А.Жәутіков, Жоғары математика.).