ҚОСУ

lat: QOSÝ

Қос етістігінің қимыл атауы.

1. Енгізу, кіргізу.

Бұл мемлекеттік тілдің шынайы мәртебесін көтермей жатып, қазақ және орыс тілдерінің өзара бәсекесіне енді зорлап ағылшын тілін қосу деген сөз («Жас Алаш»).

Негізгі отарға қозыны қосудың зиянды екенін мұқият ескерген жөн (Шопан).

Осындай орнықты жағдайға шүкіршілік етпей, қазақ тобында білім алғысы келетін балаларды да күштеп орыс тобына қосуға тырысу нағыз шектен шыққандық! Және бұл әрекеттің өзге ұлт өкілдері емес, өз қандастарымыздың қолымен жасалуы қынжылтады («Жас Алаш»).

Желтоқсандық батыраларды мектеп бағдарламасына қосу керек деп ұсыныс айтушылар табылып жатқанымен, олардың ерлігіне қарсы шығушылар да табылуда («Түркістан»).

2. а у ы с. Екі жасты табыстыру, бастарын біріктіру.

Қыз бұрын амандасып қылды жауап: «Алладан қадамыңа болсын сауап. Шаһзада, ырза болдым енді сізге, Қосу хақтан, көрмекке бізден сәбәп (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Бірге бірді қосқанда не болады? Онда өмірден бойдақтар жоғалады. Алдында тұрған шақта асу-белең, Қандай жақсы мақсатты қосу деген (М.Шаханов, Ғасырлар.).

3. Салу, араластыру, қату; құю.

Теңбіл жұпжегінің әсіресе жас балықтарды тұщы суға тез көндіге алады, дегенмен аквариумға теңіз суын немесе ас тұзынан аздап қосуға тура келеді (Қ.Қайымов, Суасты.).

4. Қолдану, пайдалану, ендіру.

Қазақ тілін оқытуды жеңілдету және жеделдету үшін электрондық құжат айналымға мемлекеттік тілді қосу технологиясын жетілдіру жағы республикада бірінші болып қолға алынды («Жас Алаш»).

5. Қатарға жатқызу, санатқа тіркеу.

Классик жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Ана тілін білмеген адамды мәдениетті адамдардың қатарына қосуға болмайды» деген сөзі тегін айтылған ба? Бізді қойшы, «жаны қазақтар ана тілін білмегендері үшін өздері өлердей сыйлайтын шетелдік әріптесoерінің алдында ыңғайсызданбай ма екен?..» («Жас Алаш»).