ҚОШТАСУ

lat: QOSHTASÝ

з а т. ә д е б. Елді, жерді тастап, алысқа сапар шеккенде, жақын-туыстарынан айырылғанда әнге қосып айтылатын мұңлы-шерлі сарынға толы, мұң-шер өлеңдер тобына жататын, қазақтың дәстүрлі салт жыры.

Қазақ халқының “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр” т.б. лиро-эпостық және батырлық жырларында қоштасудың аса көркем үлгілері кездеседі (ҚҰЭ).

Қазақ халық поэзиясында қоштасу өлеңдері ұлт-азаттық көтеріліс кезінде, Отан соғысы жылдарында көбірек жырланды (Қаз. әдеб. энцикл.).