ҚОШТАСУ

lat: QOSHTASÝ

Қоштас етістігінің қимыл атауы; қош айтысу.

Қазір кешкі сағат оннан асып барады, бірақ екі жағымыз да қоштасуға асықпаймыз (Т.Ахтанов, Үндістан.).

Бәрінен бұрын бірге жүріп, бірге қайнаған достармен қоштасу қиынға түсті (К.Тоқаев, Соңғы.).

Махамбет ақын өлерінен екі күн бұрын айналасындағыларға өзінің жан шошынарлық сұмдық түс көргенін, түсінде иығынан үзіліп түскен өз басы өзіне қоштасу айтып тұрғанын әңгімелеген (М.Шаханов, Ғасырлар.).