ҚУ

lat:

з а т. з о о л. Иілген ұзын мойынды, суда жүзіп жүретін үлкен құс, аққу.

Айдыннан қуды ілдіріп, Сұңқар шүйер деуші едім; Тұйғын құстай алыстан Тоят тілер деуші едім; Бунағы алтын беліне Семсер ілер деуші едім (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Сый қандай, мінез қандай, сымбат қандай? Ойласаң арзан қандай, қымбат қандай? Қызығы қыз, бозбала ұмытылмас, Аңдып кеп айдын көлден қу атқандай (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (Абай, Тол. жин.).