ҚУ

lat:

з а т. э т н. Темір, тас шақпақпен от тұтату үшін арнайы мақтадан әлде сиырқұйрық сияқты шөптің бүрінен әзірлеп қойған зат; оттұтатқыш.

От керек болса, шақпақпен қуды тұтатып алып, жаға қоямыз (М.Әуезов, Қараш.).

Шақпақ шағып жібердім, қуға түсті, Тұтандырып алуым болды күшті. Қызыл өңеш болғанда азар жанып, Соған шейін асығып ішім пысты (Шәкәрім, Өлеңд. поэм.).

Пештің үстіндегі шақпақпен қуды тұтатып, бұрыштағы жинаулы отыннан алып, пешті жақты (Б.Момышұлы, Жауынгер.).