ҚУ

lat:

с ы н. 1. Дымқыл емес, құрғап кепкен, қураған; құрғақ.

Қу шөптен басқа нәр жоқ далада бір, Түртініп тапқан әрең мал ғана азық (X.Бекхожин, Өлеңд.).

Құрт жайлаған тамырын қу ағаштай, Бір күн сынып не болдық кетсек құлап? Кім қызықпас жүрегін бір жалғауға, «Мені же!» деп алдында жатсақ сұлап? (М.Дулатов, Шығ.).

Томпиған қабір топырағының үстіне ескі шүберектердің қиқымдары мен жылқының қуарған қу бастарын, аттың жал құйрығын үйіп тастаған (I.Есенберлин, Көшпенділер).

2. а у ы с. Құрып кеткір, құрығыр деген мағынада.

Баяғы жалғыз жортқан көк қасқырша өзімен-өзі ғана болып, қу жалғыздық күйін қайта көрді (М.Әуезов, Қараш.).

Менің өмірімді қойшы, қу соғыс өксітіп кетті ғой (С.Мұратбеков, Дос.).

Сорлы шал бұл адасып келе жатқан, Қу бейнет жарлылықтың дәмін татқан. Қойын, қоныш, мойнына ызғар өтіп Үлбіреп қарлар толып, еріп қатқан (С.Сейфуллин, Өлеңд.).