ҚУ

lat:

с ы н. 1. Айлакер, амал тапқыш, епшіл.

Айсұлу да бір қу болып шықты, келісімен-ақ Қасымбекті баурап алды.Ақышев, Ақбел.).

Бұлар зәңгі жол тосып кісі өлтіргіш, Бір қылатын ісі бар бүгінгі кеш. Сары бастық бұлардың атаманы, Өзі батыр, өзі қу, өзі білгіш (Бес ғасыр.).

Әйелдер-ай! Әй-әйлар- ай, қулар-ай, Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай! Біле тұра бүйректерің бүлк етіп, Кетесіңдер тыңдай тұра тыңдамай. Әйелдер- ай! Әй-әйлар-ай, қулар-ай! .Мақатаев, Шығ.).

2. а у ы с. Алаяқ, сұм, сұмырай.

Ол бүкіл елді жерге отырғызып кеткен қ у.Әлімқұлов, Шығ.).

Орыс теріс айтпайды, Жаман бол деп оларды. Қаны бұзық өзі ойлар Қу менен сұм боларды (Абай, Тол. жин.).

Болады мал аласы сырт жағында, Жүреді күшіген құс жұрт жағында. Қулар мен алаяқтың сыры мәлім, Аласы көрінбейді, ұрт жағында.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

3 . а у ы с. Опасыз, жалған, баянсыз.

Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер. Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер (Абай, Тол. жин.).

Біреуді тасыттырған, қу дүние-ай! Біреуді жасыттырған, қу дүние-ай! Біреуді түлкі еткен, қу дүние-ай! Біреуді күлкі еткен, қу дүние-ай!.Бектұрсынұлы, Үміт.). Қу тіршілік, Кім басыңда болмаған, Кімді қорлап, кімнің қанын сормаған. Қинаса да, тырнаса да жүрегін ойлап-ойлап, ақырында көнді оған (С.Жиенбаев, Алтын қалам).