ҚУ

lat:

з а т. Ажуа, мысқыл, шымшыма сияқты неше алуан қызықты әңгімелерді жанынан шығарып әрі оны бар бояуымен құлпыртып орындайтын күлдіргі халық өнерпаздары.

Қулар қазақ халқының қоғамдық өмірі мен тұрмыс-салтына байланысты пайда болды. Мыс., аты аңызға айналған Алдар көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі.

Қулар өз өнерін дәстүрлі мереке-жиындарда, той-тамашаларда, шілдехана мен жәрмеңкелерде, халық думандарында көрсетіп отырады (ҚСЭ).