ҚУАНЫШТА

lat: QÝANYSHTA

е т. Қуаныш ету, қуану, мәз-мәйрам болу.

Алыс жолдан келген Дәмешті қуаныштаған көрші-қолаң, құрбылары ның мадақ сөзі, күлкісі үйдің ішін басына көтерді (З.Шашкин, Теміртау).

Сонда, деді күй аяқтала орнаған өлі тыныштықты сәулелендірген майда дауыс, Кербаланың керез әуезі ең ақыры күйін естіген Байжігіт жауап ретінде бұған мүлде қарама-қарсы сарындағы, күн шуағын, тіршілік нұрын қуаныштайтын «Бұлғын-сусар» ат ты әсем күйін шерткен екен (М.Мағауин, Өмір жыры).

“Ғашықтың тілі тілсіз тіл, сыртын көр де ішін біл” деген Абай сөзін Әбдіжан Қадиша мен Задабектің көзінен, көңіл күйінен аңғара қуаныштай қарайды (С.Бегалин, Уақыт.).