ҚУАНЫШТЫ

lat: QÝANYSHTY

с ы н. Қуанышы мол; ризашылық сезімге бөленген, көңілі көтеріңкі.

Жіберген хатыңды алып, Дағдарып кеп отырмыз құр сандалып, Ақсақал да кеп отыр баласымен, Бір жолықтыр деген соң құштарланып, Өзіңнен Шоқан деген бір ұл туып, Қуанышты болып ек жүрек жарып (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Еркесің сен көзіңде үміт ойнаған, Шулы теңіз секілді бір айналаң. Қараймын да қуанышты жүзіңе, Көпке дейін үнсіз қалам, ойланам (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Қуанышты күнің, жаңа жылы. құтты болсын қазақ (М.Дулатов, Шығ.).