ҚУАТ

lat: QÝAT

[ар. قوة ] з а т. 1 . Күш, қайрат, әл, дәрмен.

Сықырлап келіп қалған қысы қандай, Қар жауып, су қатырған мұзы қандай. Берген соң Алла қуат жан сақтарлық, Жүреді мақұлықтар үсік алмай (М.Дулатов, Шығ.).

Жарайды, бәрекелді, қош келдің сен! Өзім аш, әрі кәрі, қуатым кем, Отырмын отынымды көтере алмай, Арқалатып жібер деп шақырып ем.Байтұрсынов, Шығ.).

Тау қозғайтұғын қуатым барау әлі беу, Сезімтал жастық кеткенмен менен әрілеу. Кәрімін деймін жапырақ жайған мына емен, Әкемнен кәрі, атамнан менің кәрілеу.Молдағалиев, Шақырады.).

2. Күнделікті ішетін тамақтан алынатын, адам мен жан-жануарлардың тіршілігіне қажетті нәр; калория.

Дене қимылымен аз мөлшерде айналысатын адамдар үшін 2800– 3400, ауыр қол жұмысымен айналысқандарға 3600–4000 килокалория, ал аса ауыр қол жұмысымен айналысқан адамға 4200–6000 килокалория қуат керек.Сисекенов, Өкпе ауру.).

Мұнымен қоса жүгері дәнінің қуаты да өте жоғары.Құсайынов, Жүгері.).

Ал сендердің мына күріш деген пәлелеріңде түк қуат жоқ.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).

3 . ф и з. Нақты уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама, энергия.

Енді Бұқтырма мен Өскемен ГЭС- тері, толып жатқан ТЭЦ-тер жылына 21 миллиард киловатт-сағат қуат өндіреді.Исмағұлов, Адам.).

Бұл кен өндіру және байыту кәсіпорындарымен бірге бірлестік құрамына қуаты 204 МВт құрайтын жылу электр орталығы да кіреді («Зерде»).

Жарылғыш заттың қуатымен жұлынып кететін тауларды, шүйделі төбелерді көз алдыңа елестетеді (X.Ерғалиев, Шындық.).

4. ә с к. Өндірілген энергия эквивалентімен сипатталатын ядролық жарылыстың күші.

5 . э к о н. Өндіргіш күш, пәрмен, қарқын.

Комбинат бастықтары өздерінің жоспарларының тым үлкен екенін және оны орындауға өндіріс қуатының әлі жетіспей жатқандығын сылтау етіп, бәлендей уәде бере қоймайды (I.Есенберлин, Көлеңке.).

Заводтың екінші кезегі үстіміздегі жылы іске қосылып, қуаты екі есе арттыаңарған өлке).

6 . а у ы с . Медеу, тірек, сүйеніш.

Құлаққа дін хақында осы керек, Мүбәда бұл секілді болса өрнек. Духовный собраниеге біз қарасақ, Дініміз қуат табар һәм бегірек.Дулатов, Шығ).

Мұндай кезде жолдастың сөзі үлкен медеу, қуат қой (К.Тоқаев, Көмескі із).

Бірақ көңілдерін иман қуатымен нәрлендірген мұсылмандар жеңістен үмітті («Жалын»).

7. а у ы с. Ықпал, әсер.

Жайына біреу келсе кез, белгілі жұмыс, сор қайнар. Қуаты күшті нұрлы көз, Қуатын білген абайлар (Абай, Тол. жин.).

Дұғамның қуатын жіберме өзгеге, Әбіштің сыйқатын бекітесің кеудеге (Абай, Тол. жин.).