ҚУҒЫН

lat: QÝǴYN

з а т. 1 . Қуып келе жатқан адам (топ).

Қуғын болса, келіп қалатын уақыты болды ғой, ешкім келе қоймас (М.Әуезов, Қараш.).

Ағаш ішімен жүріп келеміз. Әзір соңымыздан шыққан қуғын білінбейді.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Жақындап жігіттерге, Шолақсайға, Қуғынды жетіп қалған сонда көрді. Айқасып айдалада құмар тарқап, Сынайтын кезек келді ер мен ерді (И.Байзақов, Құралай.).

2. Қуушылық, қуу әрекеті; біреуді қуғандық.

Қуғынды қойып, жақсылықпен үйлеріңе қайтыңдар, әйтпесе іс жаманға айналады, деп ескертті Аманкелді оларға.Жұмағұлов, Қыран.).

Оның қуғыннан өкпесі күйіп, тәлтірек қақты.Әлімқұлов, Күрең өзен).

Бұл қуғын 11 күнге созылып, ақыры Ембі өзенінің арғы жағында Баймағамбет сұлтан көтерілісшілерді ұстап алады («Лен. жас.»).

Ұлт мүддесіне қатысты ой-пікір атаулы шектелді, ұлттың ұлағатты ұлдары әуелде жаппай қуғынға ұшырап, көп ұзамай, түгелдей айдауға кесілді, түрмеде шіріді, атылды.Мағауин, Ұлтсыздану ұраны).

3. а у ы с. Біреудің соңына түсушілік, қудалаушылық.

Ол түрмеден шыққан соң, өз еліндегі байлардың қуғынына шыдамай, басқа көршілес елдерге көшеді.Ысмайылов, Ақындар).

Айырылған жерден ол сорлы, Қуғынның көрген азабын. Ылажы жоқ, көтерді «Тағдырдың» тартып мазағын (Ж.Сыздықов, Белестер).