ҚУЫРШАҚ

lat: QÝYRSHAQ

з а т. з о о л. Толық түрленіп дамитын насекомдардың ересек насекомға айналар аралығындағы қоректенбейтін, қозғалмайтын, тыныштық қалпы.

Осы ұяшықта личинка алдымен коконға, сонан соң қуыршаққа айналады. Сөйтіп, 21 күнде жұмыртқадан кәдімгі ара өсіп жетіледі (Ж.Әбиев, Биология.).

Мұнда көбелектердің тек өздері емес, әсіресе личинкалары мен қуыршақтары қатты зақымданады (Н.Шоқанов, Микроб.).

Насекомдар ең алдымен қолайлы орынға жұмыртқа салады да, одан личинка, личинкадан қуыршақ, қуыршақтан ересек насеком өсіп шығады (Қ.Аймағамбетова,.. Табиғат тану).