ҚУЫРШАҚТАЙ

lat: QÝYRSHAQTAI

с ы н. 1. Кіп-кішкентай, әдемі, сүйкімді.

Басына желек жамылып, «келіншек» деген атақты ерте иемденгені болмаса, бұрын мұның көріп жүргені қол-аяғы майысқан қуыршақтай ғана қыз екен ғой, тәйірі (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Болады қуыршақтай құр киінген, Көркі қайда көруменен көз сүйінген?! Жан біткен бұл заманда болды терек, қайың, тал қайда көрдің басы иілген?! (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).

2. Ойыншық сияқты, кіп-кішкентай, тап-тұйнақтай.

Теміржол бойынан сәл әрменіректе қуыршақтай қызыл шатырлы әдемі үйлер болушы еді (К.Тоқаев, Көмескі із).