АЗАЮ

lat: Azaıý

Сұйық заттардың қалыпты азаюы булану, жүк қапқорабына сұйықтықтың сіңіп кетуі және сұйықтықтың басқа да табиғи қасиеттері нәтижесінде орын алуы мүмкін табиғи зиян болып табылады. Егер сұйықтық тасымалданатын ыдыс бүлінбесе және тасымалдаумен байланысты қауіпке ұшырамаса табиғи зиян көрініп тұрады. Сұйықтықты тасымалдауды сақтандырудың стандарт шарттары әдетте азаю үшін сақтандырушының жауапкершілігін қарастырмайды. Қалыпты азаю қаупі сақтанушы мен сақтандырушының арасындағы арнайы келісім бойынша сақтандырылады.