ҚҰЖАТ

lat: QUJAT

[ар. حجة ] з а т.ат. documentum> 1. Қандай да бір фактіні немесе әлдебір нәрсе жөніндегі құқықты қуаттайтын ісқағаз.

Қазірет Әмір хақындағы аңызды Уфа құрылтай атынан «Бүкіл Ислам әлеміне» деп жазылған құжатты біз Мәскеудің «Правда» газетінен өз көзімізбен оқығанбыз (М.Шоқай, Таңд.).

О, сәуегей, әулие, көріпкелім, Құдайдан құжат алып келіп пе едің?! Қастерлеп, қанат байлап жіберсең де, Тұлпардан тұғыр озбас желікпегің! (М.Мақатаев, Қарлығаш.).

Ал дұрысында, хадистер исі мұсылман баласы үшін Құраннан кейінгі екінші құқықтық құжат саналады (С.Абдрахманов, Елдік сыны).

2. Заңдық құқы бар жеке басты куәландыратын жазбаша төлқұжат.

Ж.Ақбаев жазған құжаттарғаағымдарға, өтініштерге және т.б.) жасалған талдау оның патша заңдарын, соның ішінде Дала өлкесін басқаруға қатысты ережелерді терең білетіндігін көрсетеді (М.Құл-Мұхаммед, Алаш ардагері).

Кейбір саясаткерлердің өз пікірлерін қабылдаған құжатта жазбаша көрсетуді талап ету. соның дәлелі («Егемен Қазақстан»).

3. Белгілі бір тарихи оқиғаны растайтын жазбаша куәлік.

Жоғарыда келтірілген құжаттардың бәрі Алаш қозғалысының пайда болуы, үкімет құрылуы алдында зор дайындық жұмысы жүргізілгенін жақсы көрсетеді (М.Құл-Мұхаммед, Алаш ардагер.).

Ұлы Отан соғысының батыры Р.Қошқарбаевтың Рейхстагтағы жеңіс туын тіккенін енді ғана растаған Ресей осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің Мемлекеттік өнер мұражайының қорына тапсырды («Алматы ақшамы»).

4. Белгілі бір деректерді ақпарат сақтаушыдаағазда, фотожарғақта, магниттік дискіде) көрсететін, ресми сипатта пайдаланылуға немесе кейіннен өңделуге және жолданушысына берілуге тиіс жазбаша куәлік.

Құжат шаруашылық өмір фактілер туралы бухгалтерлік ақпараттың негізгі сақтаушысы болып табылады және талдау, бақылау немесе аудит кезінде зерттеу объектілерінің бірі ретінде пайдаланылады (Қаржы-экон. сөздігі).

Ең басты құжат «Алматы декларациясында»: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатады», деп жарияланды (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).