БАҒА

lat: BAǴA

Тауар құнының ақшалай көрінісі, яғни тауардың немесе қызметтер көрсетудің бір өлшемі үшін төленетін және алынатын ақша мөлшері. Өндіріске жұмсалатын шығындар мен пайданы қамтиды. Рыноктық шаруашылықтағы баға бәсекенің, ресурстарды қайта бөлудің, капиталдың қайта құйылымының құралы. Тауарлардың (өнімдердің, қызметтер көрсетудің) бағасы сатып алушылар мен сатушылар бәсекесі нәтижесінде тікелей сұраным мен ұсынымның әсерімен белгіленеді. Баға тауар айналысының түрлі аясына қызмет көрсетеді.