ҚҰҚЫҚ

lat: QUQYQ

[ар. حقوق ] з а т. с ө й л. 1. Бір нәрсені жүзеге асырудың, әрекет етудің мүмкіндігі.

Кәне, жолдастар, осы ауылдағы құқығы жойылатындарды атаңдар, деді (I.Жансүгіров, Әңгім.).

Отаршылдардың ең негізгі заңын өзі тасалқан қылып бұзуы, қазақ құқығы мен пайдасын лас аяқпен басуы деген осы болады (Т.Шонанов, Жер тағдыры.).

2. Негіз, себеп.

Осыны айтуға толық құқығым бар (Ауызекі).

3. Мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық, құқық.

Әр халық, әр адам өзінің құқықтарын пайдалану үшін білімді, сауатты болу керек (С.Сейфуллин, Шығ.).

М.Дулатов 3 маусым заңы қазақтарды ғана емес, қазақ облыстарында тұратын басқа ұлыстарды да саяси құқықтарынан айырғанын арнайы атап өтеді (М.Құл-Мұхаммед, Алаш ардагері).

Құқық адам баласына ортақ мүлік: оны қорғау ісі де адам баласына бірдей ортақ ынтымақпен болуы керек («Қазақ»).

4. қ ұ қ ы қ. Қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет тарапынан белгіле нетін және қорғалатын ережелер мен заңдар жиынтығы және соны зерттейтін ғылым саласы.

Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай- ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар (ҚР Конституциясы).

Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғұрлым олардың жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді (Ғ.Сапарғалиев,.. Мемлекет. теориясы).

XIX ғасырдың аяғына XX ғасырдың басына дейін созылып келген заң мен құқық жүзіндегі қазақ пен атты казактың жер таласы, айтысы, жанжалы, бұрынғы отарлаудың сөнбей қалған ұшқыны еді (Т.Шонанов, Жер тағдыры.).

Енді Керенскийдің ұсыныстарындағы екінші мәселеге саяси құқық, ұлттық тәуелсіз елдердің мүдделерін тең тұрғыдан құру жөніндегі тұжырымдамасына келейік (М.Шоқай, Таңд.).