ҚҰҚЫҚСЫЗ

lat: QUQYQSYZ

с ы н. Құқығы жоқ.

Құқықсыз іс-әрекет. Құнсыздығымыз соншалық, ұлттық қасиеттен айыру, отарлау саясаты жоғарғы, советтік, партиялық билік тұрғысынан айрықша арсыздықпен, ашықтан-ашық жүргізілді, ал бейресми жағдайда, күнделікті тұрмыста, қазақтың кемшін екендігі, қор, сорлы, ешқандай құқықсыз екендігі өктем, жаулаушы жұрт тарапынан аяқ аттаған сайын көзге шұқып, нұқып көрсетіліп отырды (М.Мағауин, Ұлтсыздану ұраны).