ҚҰЛАШ

lat: QULASH

з а т. 1. Иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.

Аспанда ұшқан ақ сұңқар, Қолымда туған лашын, Қосылған жаста арудың Көре алмай кеттім құлашынахамбет, Өлеңд.).

Ұлбосын балтаны қос қолдап ұстап, құлашын кере-кере шабады (Б.Майлин, Шығ.).

Серікқали алдында тұрғандарды түгел құшақтағысы келгендей құлашын кең жайды (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік).

2. э т н. Екі қол ұшының арасындағы ұзындыққа тең өлшем.

1838 жылғы мәлімет бойынша, Бұхарда құлаш 142,24 см болған. Қазақстанда негізінен Бұхар құлашы қолданылған (ҚСЭ).

Кең маңдай, қолаң шаш, Я бір кез, я құлаш. Ақ тамақ, қызыл жүз, Қарағым, бетіңді аш! (Абай, Тол. жин.).