Дін

lat: Din

(лат. religio тақуалық, құдайшылдық, табыну, араб. сенім, наным, илану) дүние тану, дүние түсіну, дүние сезіну, сол сияқты осы көзқарастармен байланысты табиғаттан тыс сфераның, ал жетілген, кемелденген формада онда Құдайдың, құдіреттің барлығына сеніммен анықталатын адамдардың жүріс-тұрысы. Адам ойында (адамда) тірек беретін және табынуға лайықты трансценденталды және құпия күшке тәуелділік пен міндеттілік сезім басымдылығы орын алады. Адамның және қоғамның Абсолютпен тікелей байланысқа ұмтылуын бейнелейді. Діннің мазмұны білім пәні ретінде анықталмайды және сондықтан ақиқат-жалған деген параметрлермен идентификациялауға (теңестіруге) болмайды, жеке нанымның пәні болады. Дін мен нанымның әлеуметтік-рухани феномендері (құбылыстары) көп ретте адамдар жанында, ойында мешіттер, шіркеулер және конфессиялар шеңберінен тыс жүзеге асады. Әлеуметтік сферада дін бірқатар функцияларды атқарады: интегративтік (біріктіру), компенсаторлық (орнын толтыру), дүниетанымдық, реттеушілік. Дін әмбебаптық құбылыс; дамыған, кемелденген кезеңінде діни сана, діни қызмет, діни қатынастар және діни ұйымдар оның (д.) құрылымының негізгі элементтері болады. Шариғаттың (вероучение) типіне байланысты акцент (көңіл, назар аудару) әмбебаптың сол немесе басқа элементіне жасалады. Қазіргі кезеңде әлемде діндердің дамуы модернизм (жаңару), секуляризация (дін ықпалынан арылу), саясилану және экуменизация (діни конфессияларды байланыстыру) тенденцияларымен анықталады. Қазіргі экуменистік тенденциялардың маңыздылығы діндер арасындағы келіспеушілік халықтар арасында бейбітшілік болуы мүмкін еместігімен анықталады. Діндер арасындағы бейбітшілік олардың арасындағы тек диалогтың нәтижесі ретінде ғана болуы мүмкін.