Ес

lat: Es

- өткен өмір туралы түсініктердің белгісін сақтап, керек кезінде жандандыра алатын құбылыс. Ес 5 қосындыдан тұрады: 1) естеліктерді орнықтыру; 2) оларды сақтау; 3) еске түсіру; 4) тану; 5) орынды (дұрыс) пайдалану. Естің орнықтыру қабілеті бұзылса, амнезия (еске түсіре алмау) ауруына шалдықтырады. Белгілі нәрсені еске сақтау үшін, біз оны түсінуіміз қажет. Тек жақсы ұғынылған нәрселер ғана есімізде оңай жаңғырады. Ес, еске сақтау сана-сезімнің басты құралының бірі.