И

lat: I

(қыт.: парыз/әділеттілік) классикалық қытай философиясының, алдымен конфуцийшылдықтың категориясы. Жалпы мағынада тек қана осылай жасау императивін білдіреді (императив единственно должного действия). Бұл категорияның көп сөздік мағыналары бар: «парыз» (борыш), «парыз сезімі», «әділеттілік», «қайырымдылық», «маңыз», «мағына», «принцип». Конфуций ілімінде и «бекзат адам» («цзюнь цзы» - «благородный муж») идеалдық тұлғасының имманенттік (тиісті, ажыратылмайтын) қасиеті. «Парыз/әділеттілік» «бекзат адамның» императиві ретінде оның антиподы «бишара адам» («ничтожный человек») ұмтылатын «пайдаға/олжаға» («польза/выгода» - ли) қарсы қойылды.