ҚҰРМЕТТІ

lat: QURMETTİ

с ы н. 1. Аса қадірлі, ардақты, қадірлі деген мағынадағы ресми қолданыстағы қаратпа атауыш сөз.

Құрметті ұстаз, күтіп отырмын сізді, деді Рабиға .Оразақов, Дәрігер.).

Құрметті балалар! Біз республикамыздың жануарлар дүниесімен үстіртін ғана танысып өттік .Мұханов,.. Қазақст. өсімдік.).

А, Нұрғазин, құрметті жас жұмыскер, амансыз ба?! деді .Жұмаханов, Мен жұмысшы.).

2. Қадірлі, сыйлы.

Өзі де оның ұйықтамады бұл күні,

Құлағымда майда қоңыр тұрды үні...

Сіз боласыз! деді маған, Анасы,

Осы Жердің ең құрметті тұрғыны! (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

// э к с п р. м ы с қ ы л. Өзін аса қадірменді санаушы .

Біздің құрметті ауылнайымыз шаласауатты адам.Өтепов, Өшп. жалын.).

Білесің бе, құрметтім ?

Арасында дүрмектің,

Сені ұмып кетерімді білмеппін...

... Енді, міне, ойланатын күн жетті,

Арасында дүрмектің,

Әлдеқалай жүрмеппін (М.Мақатаев, Шығ.).