ҚҰРТҚАШАШ

lat: QURTQASHASH

з а т. ө с.ат. iris> Жапырағы таспа тәрізді, гүлдері қосжынысты көпжылдық шөптесін өсімдік.

Құмдауыттау белге көтерілгенімізде сарғалдақ, құртқашаш, ақ гүл, бөрікгүл, тағы басқа да гүлдер алдымнан шыға келді (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Құртқашаштың тарамыстай талшығынан қамшы өріп аламыз (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Бірақ құртқашаштың гүлдері ірі, жемісі қауашақ, ал жапырақтары мен көген тамырларының иірге тән иісі болмайды, дәмі өте ащы (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).