ҚҰСБЕГІЛІК

lat: QUSBEGİLİK

з а т. с а я т. Бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер, құс баптаушылық, бапкерлік.

Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады (Шаңырақ энцикл.).

Бұл әңгімем құс тілін біліп, құсбегілік істеген аталардың өмірінен бір елестер ғой (Ш.Айманов, Қыран.).

Қарқаралы, Баян, бұлар барып тұрған құсбегілік, атбегіліктің ұясы ғой (С.Бегалин, Замана.).