ҚҰШТАРЛЫҚ

lat: QUSHTARLYQ

з а т. 1. Құмарлық, ынтықтық, іңкәрлік.

Жылы жарық дүниеге сәби шыр етіп келген бетте-ақ оның қандай кісі болары, құштарлығы неге сүйреп, қайда апарары, сапарының ұзақ шығары, кем соғары қашан, солары маңдайындағы пешене жазуында дейді ғой баяғы (Д.Досжанов, Таңд.).

Арынды асау жүректің Тізгінін кері тартпадың. Сенімге сертің табанды, Құштарлық отың өшпеді, Шаттығым, сенің бағаңды, Елемей келсем кеш мені (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Табиғатқа сүйіспеншілік, сұлулыққа құштарлық ірі қайраткер бойындағы асыл қасиет (I.Омаров, Шабыт.).

2. Қызығушылық, әуестік.


Соңғы кездерде бір құштарлық пайда болды, омырауына жарқыратып орден таққысы ке- леді (С.Мұратбеков, Дос.).

Бұрын мектепте де кітап оқымай жүрген кезім жоқ қой, бірақ мынақұштарлықтың жөні бөлек еді («Қаз. әдеб.»).