ҚЫЗ

lat: QYZ

з а т. 1. Әйел бала, ұрғашы жынысты сәби.

Әлде... қызда қырық есекке жүк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жүр ме екен? (Ғ.Мүсірепов, Шығ.).

2. Күйеуге тимеген бойжеткен.

Петрборлық ұлық бойжеткен қызын қасына ерте келіпті (А.Сатаев, Дала.).

Ақ отаудың алдында ала сырмақ төсетіп, байдың келіні мен бойжеткен қызы мәшинені сырылдатып, киім тігіп отыр («Қаз. әдеб.»).

Дем алуға отырғаным да сол еді, есікті сықыр еткізіп ашып, талдырмаш қыз кірді (С.Сматаев, Армысың.).

3. э к с п р. Жігіттің көңіл қосқан, жүріп жүрген адамы, алғалы жүрген қалыңдығы.

Алма халатының түймесін шұқылай бастады. Қызыңыз бар шығар... Сізге қыдыру керек қой (Т.Әбдіков, Ақиқат).