ҚЫЗ

lat: QYZ

е т. 1. Жылыну, ысу.

Күн көтерілісімен қызды (А.Байтанаев, Қайнар.).

Тұқымды қызған және жақсы өңделген топыраққа себу керек (М.Ерлепесов, Суармалы егін.).

От маздап, қазан қыза бастады (Ж.Алтайбаев, Ұят-ай).

2. Адам денесінің ыстығы көтерілу, еті қызып ауыру.

Ол бойы қызып, денесі ауырлай бастағанын айтты (Д.Әбілев, Ар- ман.).

Сырқырап сүйек-сүйегі, қозғала қалса сынардай. Қызады тәні, күйеді, Қимылсыз жатты тұра алмай (Ж.Молдағалиев, Жиыр- ма бес).

Өкпе рагының 20 проценттейі көп түкіреді, үштен біріндейі денесі қызып ауырады (М.Сисекенов, Өкпе ауру.).

3. Iшімдік ішіп масаю.

Бірақ арақ ішіп қызып отырғанмырзаларымыздыңшығуыоңай болмайды (I.Жансүгіров, Шығ.).

Әй, інім, біле-білсең біздің жолымыз бір, деді сыраға қызып алған ол (Ә.Нәбиев, Шолпан).

4. а у ы с. Өрекпу, өршелену, көтеріліп кету.

Шын қызсам сөзім жалын, домбырам найза, Қырсаулы сауыт болар Маған шекпен (Жамбыл, Шығ.).

5. а у ы с. Үдей түсу, қарқындау.

Пішен шабудың қызып жатқан кезі ғой (М.Хасенов, Алғашқы ән).

Оның қыза сөйлегеніне мен де қызып отырмын (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Әңгіме бір қызып басылған кезде ас та келіп жетті (З.Шүкіров, Қиын түйін).

6. а у ы с. Жылу әсерінен бүліну, көгеру, иістену.

Астық өздігінен қызып кетсе, оны ауа райы қандай болса да желдету керек (Агроном. анықтама.).

Баулаған бидай қызып барады (Б.Дәулетбаев, Сүмбілшаш).