ҚЫЗАНАҚ

lat: QYZANAQ

з а т. ө с.ат. lycopersion> 1. Алқа тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдік, бақша өсімдігі.

Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды салу аяқталып қалды. Ал жылыжайдың өзінде салаттар жүйесінің алғашқы өнімі жиналуда, қызанақ өскіндері көктеп келеді («Жас Алаш»).

2. Осы өсімдіктің қызыл түсті жемісі.

Тураған қызанақ пен ақжелкен, аскөк пен балдыркөкті ұзынша етіп тураған тәтті бұрыш, қуырылған пиязды, баялдыны қосып, бәрін еттартқыштан өткізіп, сырлы ыдысқа салып араластырады (“Қазақст. әйелдері”).

Қонақтар асқабақ қосып пісірілген тәтті мантыдан, сәбізден, қияр мен қызанақтан , тағы да басқа асқазанға пайдалы толып жатқан көкөністерден ықыласпен витаминденді («Жалын»).