ҚЫЗМЕТКЕР

lat: QYZMETKER

[ар. خذماتكار ] з а т. 1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердеауапты, қатардағы) жұмыс істейтін адам.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жауаптықызметкерлері, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, өңірлердегі ішкі саясат департаменттерінің, ақпарат және қоғамдық келісім басқармаларының жетекшілері қатысты («Егемен Қазақстан»).

Мүсәпір Қызылордаға менен бұрын жетіп, «Ауыл тілі» газетіне қызметкер боп орналасыпты (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

Күн демалыс болса да, комбинат қызметкерлері мен жұмысшылары тез жиналып қалып еді (Ш.Мұртазаев, Интернат.).

2. к ө н е. Біреуге жалға тұрып жұмыс істеуші, қызметші.

Қатша кіші балаларымен қаладағы бір байдың үйіне жалданып,қыз-меткер болып жүр (М.Әуезов, Қараш.).

Патшаның баласы енді жүріп кетті, Дариядан, жаудан, тастан тегіс өтті. Қасында қызметкері– жолдасымен, Ақыры бір шаһарға келіп жеттіашық-наме).