Уақыт

lat: Ýaqyt

материалистік философия бойынша, кеңістікпен қатар материя болмысының формасы, философиялық және жалпығылыми категория. Ол материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтылығын және сол объектілердің даму процесінде өзгерулерінің (күй жағдайларының ауысуының) тізбектілігін білдіреді. Философия тарихында уақыт туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасты: - материяның өмір сүруінің ұзақтылығы және оның өзгерістерінің өлшемі (Аристотель, Декарт; Гольбах); - жанның ішкі сипаты, болмыссыздықпен (небытие) қоршалған тек қазіргі (настоящее) белгілінеді (Августин); - абсолюттік мәңгіліктің көрініс формасы, өткінші ұзақтылық(Платон, Гегель); - бүкіл әлем үшін біркелкі абсолюттік ұзақтылық (Ньютон); - заттардың салыстырмалы қасиеті, жағдайлардың тізбектілік тәртібі (Лейбниц); - сезімдер кешенін реттеудің формасы (Беркли, Юм, Мах); - сезімдік пайымдаудың априорлық формасы (Кант); - өзгерістердің ұзақтылығы мен тізбектілігін білдіретін материя болмысының формасы (Энгельс,Ленин). Уақыт туралы көзқарастардың көпшілігін екі негізгі концепцияға жатқызуға болады: субстанциялық және реляциялық. Біріншісі уақытты ұзақтылық (созылыңқылық) ретінде қарастырады, екіншісі объектілер мен процестер арасындағы ерекше түрдегі қатынас ретінде (лат.relation - қатынас). Уақыттың ерекше қасиеттері бар. Ол бір өлшемді : қайта оралмайтын және асиметриялық құбылыс, сол сияқты бір бағытты : өткеннен бүгін (қазір) арқылы болашаққа. Бұл категория туралы сөз болғанда биологиялық уақытбиологиялық сағаттар», өмір ритмдері), әлеуметтік уақыт , психологиялық уақыт (қызық, сүйікті іспен айналысқанда уақыт «зымырайды», «ұшады» - «время летит» немесе қажытатын жұмыспен айналысқанда, тосқанда уақыт «өтпейді») түрлері аталады. Соңғы кездері экономикалық, виртуалды уақыттар туралы да айтылып жүр. Ғылыми тұрғыдан уақыт категориясын қарастырғанда термодинамика заңдары, космология, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, физикалық вакуумның заманауи теориялары көп жаңалықтар ашып жатыр.