ҚЫЗЫЛША

lat: QYZYLSHA

з а т. ө с. 1. Тамыр түйнегі тамаққа қолданылатын, малға азық ретінде берілетін және қант дайындауға пайдала- нылатын бақша өсімдігі.

Жөнін әлі айтқан жоқ, жайлауда қойды санап, мұнда қызылша егілген жерді өлшеп жатыр (С.Бақбергенов, Адам.).

Осындай құрметке еңбек етудің, маңдай терді мың сығып, қызылша өсірудің арқасында ие болғанымды да естен шығарған жоқпын.Есмұрзаев, Мәртебе).

2. ө с.ат. beta> Алабота тұқымдасына жататын өсімдіктер туысы .

Мал азықтық қызылша мал азығы ретінде өсіріледі (ҚҰЭ).